ЖШС аумағынан көлікті заңсыз иемденген өскемендік тұрғынға қатысты тергеу басталды
Өскеменде тағы бір ұрлық бейнекамералардың көмегімен ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 шілде күні Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ-ға қала тұрғыны өзі жұмыс істейтін ЖШС аумағынан белгісіз адамның CHEVROLET Niva маркалы автокөлігін иемденіп кеткені туралы арызбен жүгінді.
Ер адамның алысқа кете алмағаны, оны бейнебақылау камералары түсіріп алғаны, соның арқасында полиция қызметкерлері оны тоқтатқаны белгілі болды. Айдап кетуші 25 жастағы қала тұрғыны болып шықты, кейін ол өзінің заңсыз әрекеттерін мойындады.
Айдап кетушіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оның санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.