Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүк пойызы 25 қойды қағып кетті 

Ақтөбе облысының Сарысай – Хромтау аралығында жүк пойызы 25 қойды қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға Ақтөбе облысының Сарысай – Хромтау аралығында болған. Жүк пойызының машинисі темір жолдарда жануарлардың болуына байланысты соқтығысуды болдырмау мақсатында шұғыл тежеуді қолданды. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, пойыз 25 қойды қағып кетті. Оның 20-сы өлді. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 10 минутты құрады.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері үй жануарларының иесін анықтады. Ол Ақтөбе облысының 64 жастағы тұрғыны болып шықты.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында пойыздардың шұғыл тежелуінің 670 фактісі тіркелді, оның ішінде адамдардың болуына байланысты – 172, теміржол төсемінде үй жануарларының болуымен 386 факті тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру