Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жұмысқа орналастырамын”: кентаулық ер адам бейтаныс жігітке ақшасын беріп, алданып қалды

Түркістан полицейлері “вахталық жұмысқа орналастырамын” деп, тұрғынды алдаған алаяқ ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қалалық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, өзі жақсы танымайтын біреу сеніміне кіріп, “вахталық жұмысқа орналастырып беремін” деп, 150 мың теңге ақшасын алған. Алайда ақшаны иемденген алаяқ уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай жәбірленушіні әбігерге салады. Содан кейін алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полициядан көмек сұрайды.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдікті азаматты тәртіп сақшылары анықтап, тұрғылықты мекен-жайынан бір тәулік ішінде ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазіргі таңда ұсталған ер азаматқа қатысты тергеу амалдары жүруде.

Түркістан облысы полицейлері облыс тұрғындарына таныс емес азаматтарға сенбеуді, алаяқтың арбауына түсіп қалмауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру