Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жұмысқа орналастырамын»: Түркістан тұрғыны жұртты сан соқтырып кетті

Түркістан облысының полицейлері жұмысқа орналастырамын деп бірнеше азаматты алдаған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғындар арызданды. Жәбірленуші ер адамдардың айтуынша, олармен өздері жақсы танымайтын біреу телефон арқылы байланысып, сенімдеріне кіріп, Атырауға жұмысқа орналастырып беремін деп 70 мың теңгеден ақшаларын алып алған. Алайда ақшаны иемденген алаяқ уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай жәбірленушілерді әбігерге салады. Содан кейін түркістандық тұрғындар алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полициядан көмек сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Орын алған алаяқтық қылмысын ашып, алаяқты анықтауға байланысты полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Ол Түркістан қаласының жұмыссыз жүрген тұрғыны болып шықты. Полицейлер күдікті әйелді Түркістан ҚПБ-ға жеткізді.

Белгілі болғандай, күдікті әйел танысы арқылы жұмыс іздеп жүргендердің телефон нөмірлерін алып, олармен хабарласып, алдап ақша алған. Осылайша, әйел пайдакүнемдік ниетпен алынған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 300 мыңға жуық теңгені құрады. Қазіргі таңда ұсталған әйелге қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру