Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұмысқа орналастыру туралы жалған уәде берген алаяқ ұсталды

Қызылорда облысында “Тенгиз” кен орнына жұмысқа тұрғызу туралы уәде беріп, аңқау азаматтың 200 мың теңгесін қалтасына басқан алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына тағы бір алаяқтың құрбаны болған 1988 жылы туған қала тұрғыны арызданды. Оған біреу “Тенгиз” кен орнына жұмысқа тұрғызуға уәде беріп, 200 000 теңге ақшасын алдап алып кеткен.

Бірақ көп ұзамай ақшаны алған азамат телефон қоңырауларына жауап бермей, бүгінгі күнге дейін жұмысқа тұру мәселесі шешімін таппағандықтан, жәбірленуші азамат полицияға көмек сұрап жүгінген.

Алаяқты ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, нәтижесінде осы қылмысты жасауға қатысы бар 1984 жылы туған қала тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру