Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұмысқа орналастыру үшін жезқазғандықтан 1,2 млн теңге алған алаяқ ұсталды

Жезқазған тұрғынынан жұмысқа орналастыру үшін 1,2 млн теңге алған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қаңтарда Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-на 32 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші әйел белгілі бір ер адамның оған табысы жоғары жұмысқа орналастыруға уәде бергенін жеткізді. Бірақ ол қызметі үшін 1,2 млн теңге талап еткен.

Арызданушыдан келіскен ақшаны алып алған ер адам хабарсыз кеткен. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

10 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ұсталған адам қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру