Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаудағы орта мектептің темір қоршауын ұрламақ болған адам ұсталды

Теміртаудағы орта мектептің темір қоршауын ұрламақ болған адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 қаңтарда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне қаладағы орта мектептердің бірінен хабарлама түскен. Түнгі уақытта белгісіз біреу жалпы құны 888 мың теңге тұратын білім беру мекемесінің темір қоршауын ұрламақ болған. Күзетшіні көрген ұры “ізін суытқан”.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188 бабы (Ұрлық жасауға оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғады.11 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 35 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған күдікті темір қоршауды металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсыруды жоспарлағанын түсіндіріп, кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру