Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жұмысқа орналастырып беремін”: Атырауда 20-ға жуық адамды алдаған күдікті ұсталды

Атырауда жұмысқа орналастырып беремін деп 20-ға жуық адамды алдаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

32 жастағы атыраулық тұрғын адамдардың сеніміне кіріп, оларды сан соқтырған.

Аталған күдікті 2022 жылдың наурыз айынан бастап халықты өз арбауына түсіріп, жоғары жалақысы бар жұмысқа орналастырып беремін деп 20-ға жуық азаматтың 3 миллион қаражатын жымқырған. Қазіргі уақытта күдікті Атырау қаласынан анықталып, ұсталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы ретте атыраулық тәртіп сақшылары осындай алаяқтық секілді қылмыстың белең алып тұрған кезінде азаматтар заңсыз әрекетер жасау арқылы бір нәрсеге оңай әрі тез қол жеткізу үшін жинаған қаражаттарын оп-оңай алаяққа беруден сақ болу керек екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру