Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұмысқа орналастырып беремін деп тұрғындарды алдап соққан қызылордалық ұсталды

Қызылордада жұмысқа орналастырып беремін деп тұрғындарды алдап соққан әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

3 тамыз күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына екі бірдей қала тұрғыны алаяқтық дерегі бойынша арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, олардан күдікті азаматша жаңадан ашылатын емханаға жұмысқа орналастырып беремін деп алдап, млн теңгеге жуық ақшаларын алып алған.

Жедел-іздестіру шараларының барысында 49 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру