Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында “Ақбөкен” республикалық акциясы басталады

Ақмола облысында “Ақбөкен” республикалық акциясы басталады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Киіктерді заңсыз аулау фактілерін анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында 8-18 тамыз аралығында өңір аумағында “Ақбөкен” кең ауқымды республикалық акциясы басталады.

Акция барысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері “Охотзоопром” РМҚК және жануарлар дүниесі орман шаруашылығы аумақтық инспекциясымен бірлесіп, ақбөкендердің мекендеу аймағына, Ақмола облысының аумағына рейдтік іс-шаралар жүргізетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, ақбөкендерді заңсыз аулау, өндіру, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бұдан басқа, ақбөкен үшін залал 1500 АЕК-ні (4 770 000 теңге), ақбөкеннің ұрғашысы мен жас төліне залал 1050 АЕК-ні (3 339 000 теңге) құрайды.

Ақмола облысының аумағында табиғатты қорғау іс-шараларының арқасында ақбөкендердің саны 26 мыңға дейін өсті.

Сонымен қатар, ақбөкен Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілмегеніне қарамастан, ол 2023 жылға дейін аң аулауға толық тыйым салынған және оны атуға мораторий жарияланған жануарлар түрлеріне жатады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру