Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ордабасылық полицейлер мас жүргізушіні анықтады

Түркістан облысының полицейлер “Қауіпсіз жол” профилактикалық іс-шарасы кезінде мас халде көлік басқарған жүргізушілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан облысында полиция қызметкерлері “Қауіпсіз жол” профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Оның мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы тұрғыда Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері патрульдеу жұмысын жүргізу кезінде Ваз-21102 көлігінің жүргізушісін қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін тоқтатты.

Полицейлер жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның масаң күйіне күдіктенді. Сараптама нәтижесі бойынша жүргізушінің алкогольді масаң күйі анықталды.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша тіркеп, әкімшілік хаттама толтырып, аудандық сотқа жолдады.

Ордабасы аудандық сотының үкімімен аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Аталған шара кезінде тағы бір Ваз-21102 маркалы автокөліктің жүргізушісі тоқтатылды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жүргізуші көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра спирттік ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген.

Полицейлер ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша хаттама толтырып, іс құжаттарды аудандық сотқа жолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру