Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетаулық жедел уәкілдер ұрлық жасаған күдіктілерді ұстады

Көкшетаулық жедел уәкілдер ұрлық жасаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 шілдеде Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының 61 жастағы тұрғынының өтініші келіп түсті. Әйел 29 шілде сағат 22.00-ден 30 шілде сағат 12.00-ге дейінгі аралықта Орталық саябақта орналасқан Балмұздақ дүңгіршегінен құлыпты бұзу арқылы белгісіз тұлғалар ұрлық жасағанын хабарлады.

Жәбірленушінің айғақтары бойынша, қаскүнемдер тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақша қаражатын ұрлап кеткен. Шығын сомасы 11 мың теңгені құрады.

Қылмыс жасауға қатысы бар адамдарды анықтау үшін криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, қаскүнемдердің ұрлық жасалған жерден тұрғылықты мекенжайына дейінгі облыс орталығы бойынша орын ауыстыруы тіркелді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде күдіктілердің жеке басы анықталды, олар Көкшетау қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының 19 жастағы екі тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша полиция басқармасы ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру