Жұмыссыз семейлік қылмыстық жолмен ақша таппақ болған
Жұмыссыз семейлік қылмыстық жолмен ақша таппақ болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 қыркүйекте Семей қаласының Орталық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 37 жастағы қала тұрғыны жүгініп, алаяқтың құрбаны болғанын айтқан.
Тергеу барысында жәбірленушіге бейтаныс қыз таныстары арқылы жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп уәде берген екен. Өз қызметі үшін қаскөй 69 мың теңге сыйақы алған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері аталған іске қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының 33 жастағы тұрғынын анықтап, ұстаған. Одан жауап алу барысында күдікті өз кінәсін мойындап, қаражатты қажеттілігіне жұмсағанын айтқан.
Осы фактіге сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қаскөйге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы бұлтартпау шарасы таңдалды.