Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұртта ескі төлқұжатпен жүрген 60 жастағы ер адам жаңа жеке куәлік алды

Қазығұртта КСРО кезіндегі ескі төлқұжатпен жүрген 60 жастағы ер адамға жаңа жеке куәлік берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазығұрт ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығына 62 жастағы ер адам келіп, көмек сұраған. Яғни, ол КСРО кезіндегі төлқұжатпен жүргенін айтып, жаңа үлгідегі құжат алуға өтініш білдірген. Осы өтініш бойынша көші-қон тобының аға инспекторы Есенжан Жанысбаев оның құжаттарын қарап, оған көмектесу үшін қажетті құжаттарды тез арада рәсімдеді.

Белгілі болғандай, ер адам осы уақытқа дейін жағдайы болмағанына байланысты КСРО құжатымен жүре берген. Жаңа құжатын алуына көмектескен полицейге тұрғын өз алғысын білдірді.

– Осы уақытқа дейін ескі құжатпен жүрген едім. Ал полиция қызметкері тез арада қажетті құжаттарды жинақтап, төлқұжатымды рәсімдеп берді. Жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық, алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деп атап өтті тұрғын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру