Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші куәлігі жоқ кәмелетке толмаған автокөлік басқарған

Қызылорда облысының Арал ауданында жүргізуші куәлігі жоқ кәмелетке толмаған жасөспірім автокөлік басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтар айының 18-і күні түнгі сағат 03:30 шамасында Арал қаласы көшелерінің бірінде Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдік тудырған “Ваз-2107” маркалы көлікті тоқтатқан. 

Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында 17 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімнің көлік құралын басқаруға ешқандай құқығы жоқ бола тұра, автокөлік басқару дерегі анықталды.

Аталған дерек бойынша көлік басқарған тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 65 – бабының 1 – бөлігін басшылыққа алып (Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдар осы тараудың күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады) 612 – бабына сәйкес (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) хаттама толтырылды, ал оның ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау), 442- бабының 2-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) әкімшілік хаттама ресімделіп, жинақталған құжаттар аудандық сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру