Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарып, жол ережесін бұзған шымкенттік жауапқа тартылды

Көлік басқару құқығынсыз рөлге отырып, жол жүру қағидасын бұзған шымкенттік азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Mitsubishi Pajero-дегі қауіпті жүргізушіні патрульдік полицейлер Тауке хан даңғылында қызмет атқару барысында тоқтатты.

Ер адам жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеп ғана қоймай, темір тұлпарына арнайы дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды тиiстi рұқсатсыз орнатқан.

Оған қоса, бұл заң бұзушының тәртіп сақшыларымен алғаш кездесуі емес екені анықталды, жыл басынан бері ол дәл осыған ұқсас құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған болып шықты.

Азамат ӘҚБтК-нің 612-бабы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) мен 603-бабы (Көлiк құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу) бойынша айыппұл арқалады. Көлік құралы алынып, айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру