Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізушілер ЖБО-ның қырағы бақылауын есте сақтауы тиіс

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Тараз қ. ПБ ЖБО қызметкерлері облыс орталығының жолдарын тәулік бойы бақылаумен жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейнебақылау камераларының көмегімен ЖБО мониторлары жол қозғалысы ережелерін сақтамайтын жүргізушілерді көрсетеді.

Осылайша, “Toyota Camry” автокөлігінің жүргізушісі тіркеліп, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі бойынша хаттама жасалды (Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу).

Қарама-қарсы қозғалысқа арналған жолдың жүру бөлігіне шыққаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігі бойынша Тараз қаласының “ВАЗ 2101” автокөлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылатын болады. Осы бап бойынша “Range Rover” және “Toyota Camry”автомашиналарының жүргізушілеріне де хаттамалар толтырылды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізушілерді облыс орталығының жолдарында жол ережелерін сақтауға және олардың маневрлері ЖБО-ның тұрақты бақылауында екенін әрдайым жадыларында ұстауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру