Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан 50-ден астам петропавлдық маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

Жыл басынан 50-ден астам петропавлдық маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұзақылық, төбелес, автокөлік апаттары, оқыс оқиғалар – ішкілікке салыну осындай сипаттағы құқық бұзушылықтарға алып келуі мүмкін. Егер маскүнемдік әдетке айналып кетсе, есепте тұрған тұлғаның жақындарына салдары тиюі мүмкін. Маскүнемдер наркология мен полицияның тірек пункттерінің жиі қонақтары. Өйткені учаскелік инспекторлар ішкілікке салынғандарды емдеуге жіберуге дайындайды.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ақпаратынша, жыл басынан СҚО-да мас күйде жасалған 495 қылмыс тіркелді. Негізінен – ұрлық, бұзақылық және денсаулыққа қасақана зиян келтіру. Мас күйінде қоғамдық орынға шыққаны үшін 8931 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мас жүргізушілердің кінәсінен облыс жолдарында 16 жол-көлік оқиғасы орын алды, соның салдарынан 5 адам қаза тауып, 22 адам жарақат алды.

Мас күйдегі қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу облыстық полиция басшылығының тұрақты бақылауында. “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері сауықтыру үшін есепте тұрған тұлғалардың кезекті партиясын Благовещенка ауылындағы мәжбүрлеп емдеудің наркологиялық ұйымына жіберді. Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдулиннің айтуынша, жыл басынан қалалық полицейлермен мәжбүрлеп емдеуге 50-ден астам адам жіберілді. Бұл жұмыс үнемі жалғасуда; емделуге бір үміткерді жинау үшін орта есеппен бір жарым ай қажет. Емдеу кезеңі әркімде жеке: бірнеше айдан бір жылға дейін. Қазіргі уақытта, жалпы алғанда, қалалық полицияда “ішімдікке салынғандар” санаты бойынша 1126 адам есепте тұр.

1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін бүкіл ел аумағында өтіп жатқан “Учаске” операциясы барысында солтүстікқазақстандық полицейлер аулаларды аралауды жандандырды. Учаскелік инспекторлар өздерінің байланыс мәліметтері көрсетілген парақшаларын таратады, бұрын сотталғандар арасында, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алады, сондай-ақ қару иелерін өз учаскелерінде де, әлеуметтік желілерде де тексереді. Әсіресе, отбасылық жанжалқойлар, маскүнемдер мен қолайсыз отбасылар ерекше назарда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру