Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық жұмыс түріндегі жазаны орындамаған ақтөбелік есепте тұрған ер адам қамалды

Қоғамдық жұмыс түріндегі жазаны орындамаған ақтөбелік есепте тұрған ер адам қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі пайдаланып, көлік жүргізген Ақтөбе қаласының тұрғыны Сот үкімімен 80 сағаттық қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартылып, Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметіне есепке алынған болатын. Сотталғанды тіркеуге алу кезінде аталған Пробация қызметінің инспекторлары оған қоғамдық жұмыс түріндегі жазаны өтеуден жалтару – қамаққа алу түріндегі жазаға апаратынын ескертіп, профилактикалық әңгімелер жүргізеді.

Алайда, сотталған Пробация инспекторларының өзімен бірнеше рет жүргізген түсіндіру жұмыстарына да, берілген ескертулерге де құлақ аспай, 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа шықпайды. Есесіне, қоғамдық жұмыс түріндегі жазаны орындаудан жалтарып, пробация қызметіне тіркелуге келмей қояды. Осыған байланысты Пробациялық бақылаудан жасырынған сотталғанға іздеу жарияланып, ұсталады.

– Есепте тұрған К. сот үкімімен өзіне жүктелген талаптарды орындаудан үзілді-кесілді бас тартумен қатар, тұрғылықты мекен- жайы бойынша тексеруге келген Пробация инспекторларына есігін ашпай қойды. Осыған байланысты, ҚР ҚПК-нің 478-бабының 4-бөлігіне сәйкес, сотталғанның қатысуынсыз өткен Ақтөбе қалалық №2 сот отырысында “қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны қамаққа алуға ауыстыру жөніндегі Пробация қызметінің ұсынымы қанағаттандырылды”, – дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы Мәншүк Темірғалиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру