Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында ер адам ауылдасының құжаттарын өртеп жіберді

Ақмола облысында ер адам ауылдасының құжаттарын өртеп жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қазанда Шортанды ауданының полиция бөліміне 36 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Әйел ағымдағы жылдың 25 тамызында оның 35 жастағы жерлесі өз үйінің ауласында тұрып, оған тиесілі құжаттарды, соның ішінде жеке куәлігін, төлқұжатын, жүргізуші куәлігін, сондай-ақ банк карталарын өртегенін хабарлады. Күдіктінің құқыққа қарсы әрекеттерінің себебі анықталуда.

Шортанды ауданының ПБ тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 384-бабы (Құжаттарды заңсыз алып қою, құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді ұрлау, жою, бүлдіру немесе жасыру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Осы баптың санкциясымен 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру