Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 816 павлодарлық жазаланды
Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 816 павлодарлық жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биылғы жылдың басынан бері Павлодар облысының полицейлері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 816 тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Мәселен, Майра көшесіндегі үйдің жанында 35 жастағы павлодарлық жанжал шығарып, қала тұрғынына тіл тигізіп, қоғамдық тәртіпті бұзды.
Тағы бір жағдайда, 47 жастағы павлодарлық жазаланды. Ол Ак. Бектұров көшесіндегі үйдің ауласында темекі шегіп, темекі тұқылын өзінен бірнеше қадам жерде қоқыс жәшігі орналасқанына мән берместен, тротуарға тастай салған. Бұл әрекетті байқап қалған куәгерлер полицияға қоңырау шалып, қоғамдық тәртіптің бұзылғанын хабарлады.
Тәртіп сақшылары ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.