Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде патрульдік полиция батальоны жоғалған баланы тапты

Семейде патрульдік полиция батальоны жоғалған баланы тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қыркүйек сағат 17.12-де “102” арнасы бойынша Абай аудандық Жедел бақылау орталығына мектепті тастап, үйіне оралмаған екінші сынып оқушысының анасы жүгінді. Бұл белгіні Әуезов ауданындағы патрульдік полиция батальонының экипажы тағайындалған патрульдік бағыттың бойында алды. Бала туралы қысқаша мәлімет алған полицейлер іздеуге кірісті.

– Жарты сағаттан кейін іздестіру шаралары барысында аялдамадан іздеуде жүрген бала табылды, – деді полиция департаменті бастығының орынбасары Нариман Кульдиков.

Өз кезегінде баланың ренжіген анасы полиция қызметкерлеріне ұқыптылығы мен жеделдігі үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру