Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан СҚО Полиция департаментіне 5 142 өтініш келіп түсті

Жыл басынан СҚО Полиция департаментіне 5 142 өтініш келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан СҚО ПД азаматтардың жеке қабылдауында 4 518 адам болды. Оның ішінде 176 адамды ПД бастығы Марат Төлебаев жеке қабылдады, тағы 141 азамат орынбасарларының қабылдауында болды. Қабылдауға кез келген адам келіп, өзін толғандырған мәселесі бойынша жауап ала алады. Облыстың бас полицейі сәрсенбі сайын алдын ала жазылу арқылы қабылдау жүргізеді. Кездесулер онлайн-режимде бейнеконференцбайланыс арқылы жүзеге асырылады. Негізінен адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің қиын кезеңдері жайында, қылмысқа қарсы іс-қимыл, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ жұмысқа орналасу мақсатымен жүгінеді. Сондай-ақ қабылдауға аталған мәселе құзыретіне жататын қызметтер мен бөлімдердің басшылары қатысады. Әр адамға өтініші бойынша нақты түсініктемелер беріледі.

СҚО ПД бастығының қабылдауына 8 (7152) 39-40-20, 39-41-63 нөмірлері бойынша алдын ала жазылуға болады. СҚО ПД бастығы орынбасарларының байланыс телефондары мен қабылдау күндері көрсетілген ақпарат ведомство порталында жарияланған. Бұдан басқа, қалалық және аудандық бөлініс басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі өңірлік полицияның әкімшілік ғимараттарының фойесінде орналастырылған.

– Жыл басынан облыстық полиция ведомствосының басшылығына 5142 жазбаша өтініш келіп түскен. Бүгінгі күні оның 1257-сі қанағаттандырылды, тағы 3790 адам жеке сұрақтарына толық түсініктеме алды, – дейді СҚО ПД Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Динара Қожантаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру