Тараздағы түрмеде құрылыс заттарының арасына 26 телефон тығып, кіргізбек болған
Тараздағы түрмеде құрылыс заттарының арасына 26 телефон тығып, кіргізбек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға Жамбыл облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ерекше режимдегі №59 түзеу мекемесінде болған. Жабық мекеме аумағында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерліктің біріне құрылыс материалдарын кіргіземіз деген сылтаумен заңға қайшы әрекет жасағандардың ойы жүзеге асқан жоқ.
Жедел ақпарат негізінде әрекет еткен мекеме қызметкерлері бақылау-өткізу бекетінде Mercedes-Benz Sprinter автокөлігін тексеру кезінде ондағы фанер тақталарының ішіне жасырылған тыйым салынған заттардың барын анықтады.
Атап айтқанда, құрылысқа қажетті материалдың ішінен 26 ұялы телефон табылып, тәркіленді. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.