Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында есірткілік мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды

Ақмола облысында есірткілік мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қыркүйекте Ақкөл қаласында Ақкөл ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері қаланың 43 жастағы тұрғынының басқаруымен Lada 21154 автокөлігін тоқтатты.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, бұл азамат есірткіден мас болған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Ақкөл аудандық сотының қаулысы бойынша бұл азамат 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, Ақкөл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, биылғы жылдың басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша 116 жүргізуші есірткілік мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру