Ақмола облысында «Нелегал» ЖПІШ барысында 340 құқық бұзушылық анықталды
Ақмола облысында «Нелегал» ЖПІШ барысында 340 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Заңсыз көші-қонның алдын алу және оның жолын кесу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында 10-20 қазан аралығында облыс аумағында «Нелегал-2022» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның 7 күнінде Ақмола облысының аумағында 340 құқық бұзушылық анықталды.
Көші-қон заңнамасын бұзған 202 шетелдік, сондай-ақ құқық бұзушы шетелдіктерге тұрғын үй бергені және келген шетелдіктер туралы ІІО-ны уақтылы хабардар етпегені үшін Қазақстан Республикасының 119 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өткен кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күші мен еңбекші көшіп келушілерді еңбекке тартқаны үшін жұмыс берушілерге қатысты 19 хаттама құрылды.
Сонымен қатар, 16 шетелдік азамат елден шығарылды. Сонымен қатар, Қазақстанда 67 шетелдіктің болу мерзімі қысқартылды.
Көші-қон қызметі басқармасы шетелден жұмысқа келген шетелдік азаматтарға жұмысқа рұқсат алу үшін құжаттарды заңда көрсетілген мерзімде заңдастыруды ұсынады.
ЖПІШ барысында криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 4 қылмыскерді ұстады.