Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұртта полицейлер жоғалған 3 жасар бүлдіршінді ата-анасымен қауыштырды

Қазығұртта полицейлер жоғалған 3 жасар бүлдіршінді ата-анасымен қауыштырды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторы Қуаныш Бақбергенге тұрғындардың бірі хабарласып, көшеде жалғыз жүрген қызды тауып алғанын жеткізді. Мұны естіген полицей бірден баланы алып, онымен тілдесуге тырысады. Алайда тілі толық шықпаған кішкентай қыз өзінің кім, ата-анасы қайда екенін айта алмаған.

Содан бір сағат көлемінде туыстары полицияға хабарласып қалар деген үмітпен күтеді. Ешкім арызданбағаннан кейін полицейлер қыздың табылған жеріне жақын аймақтарды аралап, іздестіруге кіріседі. Сол аумақтағы барлық көшелер мен аулаларды мұқият қарап шығып, өтіп бара жатқан адамдардардан сұрастырады.

Осылайша бірнеше сағатқа созылған қажетті іс-шаралар нәтижесінде полицейлер жоғалып кеткен кішкентай қыздың мекенжайын, ата-анасын анықтады.Тексеру барысында 3 жасар қыз ойнап жүріп, үйінен алыстап кеткені белгілі болды. Полицейлер табылған бүлдіршінді үйіне қайтарып, әжесіне аман-сау күйінде тапсырды.

– Қызымызды тауып берген полицейлерге ризамыз. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Әрқашан осылай халықтың қорғаны болып жүре беріңдер, – деп бүлдіршіннің әжесі алғысын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру