Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда тұрғыны түзеу мекемесіне 9 телефон мен есірткі лақтырмақ болды

Қызылорда тұрғыны түзеу мекемесіне 9 телефон мен есірткі лақтырмақ болған жерінен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

17 қазанда Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында мекеме аумағына белгісіз заттарды лақтырмақ болған қала тұрғынын құрықтады.

Жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды. Ұсталған азаматты тексеру кезінде скотчпен оралған үш белгісіз зат тәркіленді. Тәркіленген затты тексеру барысында ішінен тоғыз телефон, бес насыбай, бір ойын картасы, екі қуаттағыш құрылғысы және өзіне тән хош иісі бар шөп тектес затты анықтады. Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, қорытындысымен салмағы 173,98 грамды құрайтын кептірілген марихуана екені дәлелденді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру