Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері есепте тұрған 5 мыңға жуық адамды тексерді

Павлодар полицейлері профилактикалық есепте тұрған 5 мыңға жуық адамды тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары өңірде 1 қазан мен 1 қараша аралығында “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатқанын хабарлады. Іс-шара басталғаннан бері Павлодар облысының учаскелік инспекторлары 27 мыңнан астам ауланы аралап, нәтижесінде 12 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталып, жолын кесті.

Ата-анасының бақылауының болмауына байланысты 41 кәмелетке толмаған бала заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс болғаны үшін полицияға жеткізілді. Олардың ішінде сегіз бала өмірлік қиын жағдайға тап болған Балаларды қолдау өңірлік орталығына орналастырылды. Полицейлер азаматтық қарудың тұрғылықты жері бойынша тексерілген 10 800 қару иесінің 18-і қаруды тіркеу тәртібін және қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылғанын, бұл ретте тіркелмеген 2 мылтық тәркіленгенін атап өтті.

Мәселен, “Учаске” ЖАІШ барысында Ертіс ауданы ауылдарының бірінің 51 жастағы азаматынан ТОЗ-БМ, 16 калибрлі тіркелмеген қос ұңғылы, тегіс ұңғылы қару тәркіленді, ол қаруды өз үйінің шаруашылық құрылысында сақтаған. Бұл ретте ауыл тұрғынында мылтыққа тиісті құжаттары болған жоқ. Баллистикалық зерттеу тағайындалды. Сонымен қатар, тіркеусіз тұрып жатқан 236 азамат анықталды, тағы 21-і отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін жауапқа тартылды, барлығына қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылды, 3 азаматқа қатысты мінез-құлыққа ерекше талаптар белгіленді. Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша полицияда профилактикалық есепте тұрған 5 мыңға жуық адам тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру