Қызылорда облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды
Қызылорда облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz
31 қазанда Қызылорда облысы Талдыарал ауылының тұсында, Шымкент – Самара тас жолының 471-шақырымында екі жеңіл автокөлік соқтығысып қалды. Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 3 -бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Жол апаты салдарынан бір адам көз жұмды, сегіз адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.