Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғынын бұрынғы танысы 2 млн теңгеге алдап кетті

Шымкент тұрғынын бұрынғы танысы 2 млн теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қыркүйекте сағат 11:15-те Шымкент қаласы Әл-Фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, 6 жылдан бергі танысы қаладан мемлекеттік бағдарлама бойынша үш бөлмелі үй алып беремін деп 2 млн теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алған.

Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігіме (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдады.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 63 жастағы тұрғыны болып шықты. Зейнеткер, бұрын мұнай саласында жұмыс жасаған.

Қазіргі кезде ұсталған азаматшаның алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру