Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері 9 айдың жұмысын қорытындылады

Ақмола полицейлері 9 айдың жұмысын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Департамент бастығы Думан Таевтың төрағалығымен 9 ай ішіндегі жедел қызметтің қорытындылары бойынша кеңес өтті. Департамент басшысы орынбасарлардың баяндамаларын тыңдады. Жұмыс отырысы аясында Полиция департаменті жұмысының қорытындысын талқылады. ПД бастығы атап өткендей, облыста өткен жылмен салыстырғанда құқық бұзушылықтар, оның ішінде кісі өлтіру – 17%-ға, бұзақылық – 48%-ға, мал ұрлығы – 49%-ға, айдап әкету – 42%-ға, тонаушылық – 39%-ға, ұрлық – 20%-ға, бопсалау – 18%-ға, зорлау – 13%-ға, денсаулыққа ауыр зиян келтіру – 1%-ға төмендеген.

Думан Таев алаяқтықтың алдын алуға баса назар аударды. Осы жылдың 9 айы ішінде алаяқтық фактілерінің саны 12%-ға, оның ішінде интернет-алаяқтық – 15%-ға азайды. Ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың ашылуы 3%-ға жақсарды. Оң үрдістердің ішінде – кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстардың 31%-ға, тұрмыста жасалған қылмыстардың саны 12%-ға, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 11%-ға азаюы бар.

Тәртіп сақшылары проблемалық мәселелерді жан-жақты қарастырып, аймақтағы жедел жағдайды ескере отырып, жекелеген қызметтер мен аумақтық бөлімшелердің жұмысын жетілдіру бойынша нақты міндеттерді белгіледі. Кеңесте сыбайлас жемқорлықпен күрес, полиция қызметкерлерінің тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңеске қатысушылардың алдында ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы А. Әшімов баяндама жасады. Кеңес соңында Полиция департаментінің бастығы Думан Таев өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жедел қызметте қол жеткізген нәтижелері үшін Шортанды, Аршалы, Сандықтау, Есіл, Астрахан және Жарқайың аудандық полиция бөлімдерінің басшыларын «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру