Павлодар облысында мас жүргізуші қамауға алынды
Павлодар облысында мас жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері Шалдай ауылының орман алқабында сағат 23:25 шамасында мас күйінде Audi 80 автокөлігін тізгіндеген 41 жастағы жүргізушіні ұстады. Медициналық куәландыру оның алкогольдік мас болуын растады.
Сонымен қатар Шарбақты аудандық сотының 2018 жылғы 12 желтоқсанда қабылданған қаулысы бойынша 3 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылғандығы анықталды.
– Көлік құралдарын басқару құқығынан айыру мерзімі өткеннен кейін ер адам жүргізуші куәлігін алу үшін жүгінбеді, – деді Павлодар облысы Шарбақты ауданы жергілікті полиция қызметінің бастығы Саян Мұханов.
Полиция жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 6-бөлімінің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырыды. Аталған факт бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 тәулікке қамалды.
Айта кету керек, биыл облыс полицейлері көлік құралдарын мас күйінде басқарған 1166 жүргізушіні анықтады.