46 солтүстікқазақстандық шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған
46 солтүстікқазақстандық шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО полицейлері шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалануы ықтимал деген шаруашылық субъектілерін тексеріп жатыр.
Мәселен, Мамлют ауданының алқаптарының бірінде жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының 18 азаматы анықталды. Олар тиісті рұқсат құжаттарысыз еңбек еткен, әкімшілік жауапкершілікке тартқан соң, елдеріне жіберілді. Алайда қайта тексеру барысында олардың екеуінің қайта оралып, еңбек етуге рұқсат ресімдемей, басқа кәсіпорында жұмыстарын жалғастырғаны анықталды. Оларға қатысты елден шығару мәселесін қарау туралы материал әкімшілік сотқа жолданды.
Жұмыс беруші де ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 519-бабы (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша жауапкершілікке тартылды.
– Облыста жыл басынан шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 46 фактісі анықталды. Сондай-ақ шетелдіктерді қабылдайтын облыс тұрғындары тарапынан көші-қон заңнамасы талаптарының 745 бұзушылығы анықталды. Естеріңізге саламыз, шетелдіктерді қабылдайтын тарап 3 жұмыс күні ішінде келген шетел азаматы туралы ішкі істер органдарын хабардар етуі тиіс. 1118 шетелдік Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған, оның 65-і елден шығарылды, – деп хабарлайды СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.