Қарағанды облысында ауыл тұрғындарынан екі ақбөкеннің өлексесі табылды
Қарағанды облысының полицейлері ауыл тұрғындарынан екі ақбөкеннің өлексесін тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz
22 қазан күні Қарағанды облысының Полиция департаменті табиғатты қорғау полициясы мен «Охотзоопром» қызметкерлері шалғайдағы ауылдық округте рейд жүргізді.
Олар таңғы 04:00 шамасында 53 жастағы жүргізуші басқарған көлікті жол бойында тоқтатқан. Сондай-ақ салонда 44 жастағы жолаушы ер адам болған. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар екені белгілі болды. Тексеру барысында осы көліктің жүксалғышынан екі ақбөкен өлексесі, нөмірі белгісіз тегіс ұңғылы мылтық және алты патрон табылып, тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 337-бабы(Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.