Қарағанды облысында үш мас жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Қарағанды облысында көлікті мас күйінде басқарған үш жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Абай аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері «Мас жүргізуші – қылмыскер» атты кешенді іс-шаралар жүргізді. Аталған іс-шараны жүргізу барысында полиция қызметкерлері көлікті мас күйінде басқарған 3 азаматты жауапкершілікке тартты.
Мәселен, 2 қараша күні сағат 17.00 шамасында Топар кентінде 39 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлік тоқтатылған. Көлік жүргізуші өзін полиция қызметкерлерінің алдында дөрекі ұстаған. Медициналық куәландыру барысында оның мас күйде болғаны белгілі болды.
Сонымен қатар полиция қызметкерлерімен ұсталған азаматтың былтырғы жылдың желтоқсан айында көлікті мас күйде басқарғаны үшін жүргізу куәлігінен айырылғаны анықталды.
Осы күні Абай қаласында полиция қызметкерлері жол жүру ережесін бұзғаны үшін 25 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлік тоқтатылды. Медициналық куәландыру кезінде оның мас күйде екені анықталды. Бұл азаматта үстіміздегі жылдың наурыз айында көлікті мас күйде басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған.
Екі дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ түнгі сағат 22.00 шамасында Вольный ауылында көлікке ішімдік ішкен күйде отырғаны үшін 60 жастағы жүргізуші ұсталды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабына сәйкес хаттама толтырылып, 15 тәулік әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізу құқығынан айырылды.