Ақтау әуежайының жүк тиеушісі 1 млн теңге болатын алтын бұйымдарды ұрлаған
Көлік полициясы 1 млн теңгеге жуық болатын алтын бұйымдарды ұрлаған Ақтау әуежайының жүк тиеушісін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Әуежайдың жүк тиеушісінің заңсыз әрекеттерінен «Ақтау – Анталия» және «Ақтау – Алматы» рейстерінің екі жолаушысы зардап шеккен.
Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөліміне «Ақтау – Анталия» бағытындағы әуе рейсінің 41 жастағы жолаушысы өзінің жүгінде болған алтын бұйымдардың (ек неке сақинсы, екі сырға, білезік, алқа) ұрланғаны туралы шағымданды.
Оның айтуынша, осыған ұқсас өтініш көлік полициясына Алматы қаласының 42 жастағы тұрғынынан да келіп түскен. Ол «Ақтау – Алматы» бағытындағы әуе рейсімен үйіне ұшып келгеннен кейін жүгіне салынған алтын бұйымдардың (гауһар тастары бар сары және ақ алтыннан жасалған сырға-сақиналар) жоғалғанын анықтаған.
Жәбірленушілерге келтірілген залал сомасы 930 мың теңгені құрады.
– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында көлік сақшылары әуежайдың 30 жастағы жүк тиеушісін анықтап, ұстады. Күдіктінің Маңғыстау облысының тұрғыны екені белгілі болды. Ол өз кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Тергеу жүргізілуде, – деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.