Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО полицейлері заңсыз есірткі сақтаудың екі фактісін анықтады

БҚО полицейлері заңсыз есірткі сақтаудың екі фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz 

Бірінші факт 39 жастағы азаматтың тұрғылықты жерін тінту кезінде, жасыл түсті өсімдік тектес, белгілі бір иісі бар, қорапшасы жасыл полиэтилен қапшық табылып, тәркіленді. Сонымен қатар екі ұңғылы және бір ұңғылы мылтықтар мен 12 калибрлі оқтар табылды.

Алынған заттар сараптамаға жіберілді. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (есірткі құралдарымен, прекурсорлармен заңсыз жұмыс істеу).

Екінші факт 52 жастағы тұрғынды тінту кезінде белгілі болды. Иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакеттерді (үш пластик ыдыста, үш шыны ыдыста, екі қағаз орамда және 10 қорапта), сондай-ақ қарасора түріндегі өсімдіктердің 12 бұтасын және осы өсімдіктің тұқымдары бар шыны ыдыс тәркіленді.

Тәркіленгені заттар сараптамаға жіберілді. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (есірткі құралдарымен, прекурсорлармен заңсыз жұмыс істеу). 

Жауап қалдыру