Шымкент тұрғыны жұмысқа орналасам деп ақшасынан айырылды
Шымкент тұрғыны жұмысқа орналасам деп ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында бейтаныс азаматша қаладағы медициналық мекемелердің біріне еден жуушы ретінде жұмысқа кіргізіп беремін деп 250 мың теңгесін алған. Алайда ол осы уақытқа дейін не уәдесін орындамаған, не ақшасын қайтармаған.
Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде жергілікті жердің тұрғыны анықталып, ұсталды. Жасы – 31-де, жұмыссыз. Бұған дейін алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотты болған. Қазіргі кезде ұсталған азаматша уақытша ұстау изоляторында қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.