Алматыда жезөкшелікпен айналысқан 6 әйел ұсталды
Алматыда жезөкшелікпен айналысқан 6 әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жезөкшелер үйі сауықтыру массажы салонының атын жамылып, жұмыс істеген. Тағы да зәулім үй, тағы да қатаң фейс-бақылау.
ҰҚК қызметкерлері тексерген кезде үйде алты массажист пен әкімші болды. Олар қандай да бір заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғын тексеру үшін полицияға жеткізілді.
18-41 жастағы әйелдер Алматы, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарынан келген. Ғимарат иесі жезөкшелікпен айналысуға үй-жай бергені үшін жауапқа тартылды.