Теміртауда көлікті заңсыз айдап әкеткен әйел ЖКО жасады
Теміртауда көлікті заңсыз айдап әкеткен әйел ЖКО жасады, – деп хабарлайды Рolisia.kz
Таңғы сағат 06:00 шамасында Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне Тищенко көшесінің бойында автокөлік ұрлығы болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. 28 жастағы жәбірленуші кешкілік уақытта өзінің автокөлігін күзетілмейтін тұраққа қойғанын, таңертең тұрса оны белгісіз біреу алып кеткенін хабарлады. Оған келтірілген шығын көлемі 6,5 млн теңгені құрады.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында аталған көлік ықшам аудандардың бірінен табылды. Көлікті айдап әкеткен 18 жастағы азаматша көліктің басқаруына ие бола алмай қалып, жол-көлік оқиғасына түскен. Сондай-ақ азаматша әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.
Ол көлікпен қалада жүріп келу мақсатында мініп кеткені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.