Талдықорғанда жеңіл көлік жолаушылар автобусымен соқтығысты
Талдықорғанда жеңіл көлік жолаушылар автобусымен соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жеңіл автокөлік пен автобустың қатысуымен болған ЖКО 14 қараша күні кешкі уақытта Талдықорған қаласы Слонов көшесінде болды. Жол апатына кінәлі Honda Odyssey автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі болып шықты. Ол қарсы келе жатқан Isuzu автобусымен соқтығысуға жол берген. Медициналық куәландыруға сәйкес, Honda автокөлігін басқарған ер адам мас болған. Қалалық ауруханаға ЖКО орнынан жеті жәбірленуші жеткізілді, олар медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді.
Іс жүзінде ҚР ӘҚБтК 608-бабының 3-бөлігінде көзделген материал жиналды. Жол-көлік оқиғасына кінәлі адамның жауапкершілігін сот қарайтын болады.
Жыл басынан бері облыс аумағында мас күйінде автокөлік құралдарын басқарған 460 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Мас жүргізушілердің кінәсінен 18 ЖКО тіркеліп, бес адам қаза тауып, 29 адам түрлі дене жарақаттарын алған.
Жетісу полициясы жүргізушілерді ҚР ЖҚЕ талаптарын қатаң сақтауға және алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік жүргізбеуге шақырады. Бұл заң алдындағы жауапкершілікке ғана емес, сонымен қатар адамдардың қаза болуы мен жарақат алуына әкелетін жол-көлік оқиғалары түріндегі ауыр зардаптарға да қауіп төндіреді.