150 келіге жуық заңсыз балық тасымалдаған жамбылдық ұсталды
150 келіге жуық заңсыз балық тасымалдаған жамбылдық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Республикалық «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен кешкі патрульдеу жұмыстарын жүргізу кезінде Ақкөл – Аса тас жолында полицияның көлігін көріп, жылдамдықты асырған Audi-100 автокөлігі тәртіп сақшыларының күдігін туғызған.
Автокөлікті тоқтатып, тексеру барысында артқы орында салмағы 147 келі болатын қапқа оралған балық анықталды. Автокөлік иесінің айтуынша, ол балықтарды 38 мың теңгеге сатып алып, қайта сату үшін жолға шыққан.
Аталған дерек бойынша автокөлік иесі ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабымен (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 30630 теңге көлемінде айыппұл салынды.