Алматы академиясында тұтынушылық несиеге байланысты дөңгелек үстел өтті
Алматы академиясында «Тұтыну несиесі: экономикалық, әлеуметтік және құқықтық сын-қатерлер» атты дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz
14 қарашада М.Есболатов атындағы Алматы академиясында «Тұтыну несиесі: экономикалық, әлеуметтік және құқықтық сын-қатерлер» атты дөңгелек үстел өтті.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында несиелеу саласына ерекше назар аударды. Ұлттық Банкке, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне және Үкіметке нақты секторды тұрақты және қолжетімді несиелендіруді қамтамасыз ететін шешімдер табуды тапсырды.
Алматы академиясында өткен дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты да кредит беру саласындағы проблемаларды талқылау, қаржылық кредиттік ұйымдардың қызметін жетілдіру және осы саладағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдардың тиімділігін арттыру болды. Аталған іс-шараға Ішкі істер министрлігінің, жетекші банктердің, микроқаржы ұйымдарының басшылығы, сондай-ақ адвокаттар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Сонымен қатар Жолдауда интернет-алаяқтыққа қарсы тұру қажеттігі туралы да айтылған болатын. Аталған мәселенің өзектілігін ескере отырып және Ішкі істер министрі М. Ахметжановтың тапсырмасы бойынша Алматы академиясында «Freedom Holding Corp» компаниясымен бірге аталған мәселеге ғылыми зерттеу жүргізілуде.
Дөңгелек үстелдің нәтижелері бойынша ұлттық заңнаманы, құқық қорғау органдары мен қаржы ұйымдарының қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындалды.