Шымкентте жол ережесіне қатысты 35 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды
Шымкентте бір айда жол ережесіне қатысты 35 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты Патрульдік полиция полкінің инспекторлары жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында күнделікті (тәулік бойы) қызмет атқарады.Осы орайда, Шымкент қаласы бойынша отыз тәулік ішінде 34404 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 1364 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.
Атап айтқанда: темір тұлпар тізгінінде ұялы телефон пайдаланған – 1318, жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған – 3136, көлік құралын мас халде басқарған – 179, терезесін күңгірттеп алған 859 тұлғаға хаттама толтырды.
Полиция қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.