Жетісайлық полицейлер көліктері батпаққа батып қалған тұрғындарға көмектесті
Жетісайлық полицейлер көліктері батпаққа батып қалған тұрғындарға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай АПБ табиғатты қорғау инспекторы Жандос Агмасов Шардара су жағалауының бойында балық аулаушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу кезінде көл шетінде батпаққа тұрып қалған екі автокөлікті көреді.
Осыдан соң полиция қызметкерлері бірден әрекет етіп, көліктің жанына тоқтап, оларға көмек берді. Аз ғана уақыттың ішінде полицей өзінің қызметтік көлігімен батпақта тұрып қалған автокөліктерді кезекпен шығарды.
Ал жергілікті тұрғындар тәртіп сақшыларының жедел қызметтеріне тәнті болып, алғысын айтты.
– Жетісай ауданының полиция қызметкерлеріне көптен көп рақмет! Осылай мал іздеп келгенбіз, Сырдария өзенінің жағасындағы батпаққа батып қалып едік, шығарып берді. Жұмыстарыңа сәттілік, – деді тұрғын.