Павлодарда ұрлық қылмысының екі дерегі тіркелді
Павлодарда ұрлық қылмысының екі дерегі тіркелді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалта ұрлығы – мүліктік қылмыстың ең көп таралған түрі.
– Қазіргі әлемде қалта ұрысымен бетпе-бет келу ықтималдығы әлі де жоғары: нағыз кәсіпқойлар өз істерін құнды заттардың жоғалғанын тек үйде байқайтындай етіп бұра алады. Мұндай қылмыстар, әдетте, қоғамдық орындарда жасалады. Қаскүнемдер автокөліктерде, сауда үйлерінде және азаматтардың жаппай баратын басқа да орындарында адамдардың көп жиналуын пайдаланады, – деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Мәселен, үстіміздегі жылдың қараша айында полицияға Xiaomi ұялы телефоның ұрлап әкетті деп ер адам жүгінді. Қаскүнем өзінің заңсыз әрекеттерімен 220 мың теңгеге жуық сомаға материалдық залал келтірді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер облыс орталығының 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Осыған ұқсас арызбен полицияға тағы бір павлодарлық келіп, оның сөмкесінен Xiaomi redmi ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтты.
Қабылданған шаралармен Шарбақты ауданының 25 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі.