Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында үш күнде 12 қару мен 100-ге жуық патрон тәркіленді

Жамбыл облысында үш тәулік ішінде 12 қару мен 100-ге жуық патрон тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 28-30 қараша аралығында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында жамбылдық полицейлер 12 бірлік қару мен 100-ге жуық түрлі калибрлі патрондарды тауып, тәркіледі.

Тәркіленген қарулардың ішінде екі ұсақ калибрлі ТОЗ -16 және ТОЗ-8 мылтықтары, ИЖ-56 Белка қос ұңғылы шолақ аңшы мылтығы, 2 шолақ және 7 тегіс ұңғылы мылтық бар. Мәселен, қала шетіндегі аумақтан полиция қызметкерлерімен зауыттық нөмірлері механикалық жолмен өшірілген оқ-дәрісіз, калибрі 12 миллиметр МР-153 өздігінен оқталатын тегіс ұңғылы мылтық табылды.

Сонымен қатар осы жылғы 29 қарашада Сарысу ауданының Ә.Бүркітбаев ауылынан 10 шақырым жердегі шаруа қожалығы аумағында орналасқан сарайдан 5,6 калибрлі ТОЗ-16 мылтық, калибрлі ИЖ-18Е бір оқпанды аңшы мылтығы, 19 патрон және 58 гильза табылып, тәркіленді. Сол күні Жамбыл ауданының құмды аумағында орналасқан тағы бір шаруа қожалығында калибрі 16 миллиметр ИЖ-18 ЕМ бір ұңғылы аңшы мылтығы табылып, тәркіленді. Барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Жыл басынан бері полицейлер барлығы 673 атыс қаруын, оның ішінде 131 автомат пен 232 тапанша тәркіледі. Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы атыс құралдарының орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын ескертеді. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру