Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Супермаркеттен 100-ден астам шоколад ұрлаған талдықорғандық ұсталды

Супермаркеттен 100-ден астам шоколад ұрлаған талдықорғандық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері 24 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Күдіктіге әзірге Талдықорған қаласының ірі супермаркеттерінен шоколад ұрлауының екі дерегі бойынша айып тағылды. Жалпы күдікті 100-ден астам шоколадты ұрлап үлгерген. Келтірілген залал 46 мың теңгені құрайды.

– Ұсақ ұрлықтың екі дерегі бойынша тергеу қалалық полиция анықтаушыларына жүктелді. Тергеуді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен жүргізіп, жақын күндері қылмыстық істерді сотқа жолдау жоспарланып жатыр, – деді Талдықорған ҚПБ анықтау бөлімінің бастығы Мирас Асқаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру