Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп” ЖААІШ: Жамбыл облысында 3 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында жамбылдық полицейлер үш мыңнан астам құқық бұзушылық дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26-29 қараша аралығында Жамбыл облысының аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу барысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтап, жолын кесті. Көпқабатты және жеке тұрғын үйлердің аулаларында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ “ізін суытпай” 34 қылмыс оқиғасы және бұрын жасалған 20 қылмыс дерегі ашылды.

Сонымен қатар 3033 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды, оның ішінде  216 дерек ұсақ бұзақылыққа қатысты, 273-і спирттік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде болуы, 674 адам тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Тұрғылықты жері бойынша ІІБ-де профилактикалық есепте тұрған екі мыңнан астам адам тексерілді.

Іс-шара басталған төрт тәулік ішінде 24 жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ көлікті басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік басқаруының сегіз дерегі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру